Ауғанстанның орталық қаласы Кабулда НАТО күштерінің әскери көлігіне шабуыл жасалып, 4 адам қаза тапты. Жарылғыш тиелген көлікпен жасалған шабуылды елдегі Талибан ұйым өз мойнынан алған.
Ауғанстан Ішкі істер министрлігінің өкілі таратқан мәліметке қарағанда, шабуыл Кабулдың Йекат-Тут ауданында болған. Шабуылдан 4 адам қаза тауып, 3 адам жарақат алған. Мәліметте қаза болғандар бейбіт тұрғындар екені айтылған. Алайда, НАТО күштерінен қаза болғандардың бар-жоғы анық емес.
Ал, Талибан ұйымы мәлімдеме таратып, шабуылды өз мойнына алды және НАТО күштерінен 10 әскердің қаза тапқанын айтқан. Әрі, тәліптер шабуылдың мақсатты түрде шетелдік күштерге бағытталғанын атап өткен.
Талибан тарабы елден шетел әскерлерінің шығып кетуін талап етуде. Әрі, бұл бағытта Ресеймен келіссөздер де жүргізуде. АҚШ пен Талибан арасындағы, сондай-ақ, Ауғанстанның ішкі диалогтарының жақсаруына қарамастан тәліптердің шабуылы толастар емес. Ауғанстан бейбітшілік процесі үшін елдің ресми билігі тәліптерді бейбітшілік келіссөзіне шақырған болатын.


















Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді