Бүгін Қазақстан жұртшылығы қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуда.
31 мамыр күні Қазақстан халқы 1918-1933 жылдары болған ашаршылық пен 1937-1938 жылдары болған репрессия құрбандарын еске алуда. 1997 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев дәл осы күнді «қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» деп жариялаған.
1918-1933 жылдар аралығында Қазақстанда ашаршылықтан 3 миллионнан астам адам көз жұмған. Ал 1937-1938 жылдары қылышынан қаны тамған Кеңестік жүйенің «Үлкен террор» операциясы салдарынан қазақ халқының Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов, Мағжан Жұмабаев сынды біртуар азаматтары, ұл қаймақтары опат болды.
Айта кететін бір жайт, Қазақстанмен тағдырлас Украина елі қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын 19 мамыр күні еске алады. Бірақ олар украин ұлтының басынан өткен зұлматты геноцид деп танып, халықаралық дәрежеде мойындатуға күш салуда.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды