Илон Маск ғарышқа жер шарын толықтай интернетпен қамтамасыз етуге қауқарлы спутниктерін ұшырды.
«SpaceX» компаниясының «Falcon 9» зымыран тасымалдағыш кемесі жергілікті уақыт бойынша 02:30-да Флорида штатындығы ғарыш айлағынан ұшырылды. Оның бортында жер шарын тегін интернетпен қамтамасыз етуге қауқарлы 60 спутник бар.
Илон Маск өзінің «Twitter» парақшасында "«SpaceX» компаниясы «Starlinк» миссиясы аясында ғарышқа тұңғыш рет салмағы 18,5 тонналық жүк алып шықты"- деп жазды.
Айта кететін бір жайт, бұған дейін «SpaceX» компаниясы «Falcon 9» зымыран тасымалдағыш кемесінің ұшу уақытын ауа райына байланысты бірнеше мәрте кейінге қалдырған.
«Starlinк» - әлемді тегін ғаламтормен қамтамасыз етуге бағытталған миссия. Миссия өз жұмысын 2018 жылдың 22 ақпанында бастаған. Дәл осы уақытта «Falcon-9» ғарышқа сынақ ретінде екі жер серігін алып шыққан. Жалпы, бағдарлама аясында ғарышқа 12 мың спутник ұшырылады деп жоспарлануда. Жобаның жалпы құны 10 миллиард долларды құрайды.


















Нұрайдың өлімі: еленбеген шағым мен жауапсыз қалған қауіп
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды