Қазақстан мен Жаңа Зеландия ортақ сүт кешендерін құру туралы келісімге келді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
ҚР Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров пен Жаңа Зеландияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Иэн Хилмен өткен кездесу барысында тараптар екі ел қарым-қатынасын талқылады. Сонымен қатар, Қазақстанның ауыл шаруашылық саласындағы саясаты төңірегінде пікір айтылды. Мәліметтер бойынша, екі ел сүт және қой шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық келісімге қол қойған.
А.Сапаров Қазақстанның аграрлық компанияларының және Жаңа Зеландияның ауыл шаруашылығы техникасы мен технологияларын жеткізетін компаниялар арасындағы коммерциялық ынтымақтастыққа тоқталып, тараптар Қазақстан аумағында қазақстандық өнімдерді экспортқа шығаруды жалғастыру туралы келісімге келді.
Айта кетейік, иновациялық ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиясын шығаратын мемлекеттердің бірі Жаңа Зеландия. Алдағы уақытта Қазақстанда мал шаруашылығын дамыту мақсатында Жаңа Зеландия технологиялары қолданылмақ.
"The Qazaq Times"
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр