Танымал бренд иелері 173 компания АҚШ президенті Дональд Трмпқа хат жолдап, Қытаймен сауда соғысын тоқтатуға шақырды. Олардың қатарында «Адидас» пен «Найк» және «Конверс» секілді әлемге танымал брендтер де бар. Олар Трамптың тарифтерді көтеру шешімі «катастрофалық жағдайға» ұрындырады деп қарайды.
Аталған аяқ киім өндіруші брендтер сауда соғысынан көбірек зардап шегіп жатқаны айтылады. Негізінде, ережелерге сай аяқ киімдердің кеден салығы 11,3 пайыз болғанымен, кейбір жағдайда аяқ киім өндірушілер 67,5 айыз салық төлеуіне тура келген. Егер тарифтер тағы 25 пайызға көтерілген жағдайда аяқ киімдердің импорттау құны 100 пайызға дейін көтеріліп кетеді. Бұл аталған америкалық брендтер үшін толықтай дағдарыс қаупін көрсетеді.
АҚШ президентіне жазылған ашық хатта, кеден салығын 25 пайызға көтеру шешімінен ең әуелі тұтынушылар зардап шегеді, бұл бірқатар америкалық компаниялардың болашағына балта шабумен тең деп бағалаған. аяқ киім өндіруші брендтер кезекті сауда соғысынан көбірек зардап шегіп жатқанын алға тартты.
Қытайдың АҚШ-тағы импорт тауарларына бағытталған тарифтік белгілеме, америкалық өндірушілерге қалай кері әсер етіп отыр? Себебі, америкалық көптеген өндірушілердің зауыттары Қытайда орналасқан. Олар еңбек күші мен жасалу құны арзан болған Қытайда тауар өндіріп, өз елінің базарына алып келеді. Бұған дейін бұл алмасудан америкалық өндіруші кәсіпкерлер табысын еселеп келген. АҚШ президенті мәлімдемесінде америкалық өндірушілердің зауыттарды АҚШ-қа көшіруге болатынын айтқан. Алайда, кәсіпкерлер: «Зауыттарды бір-ақ күнде көшіріп келу мүмкін бе? Бұл ақылға сыймайды», – деген пікірлер айтады.
Трамп сауда соғысы басталудан бұрын, кезектескен тарифтік соққылардан кейін қос тарап бірдей зардап шегетінін, алайда, сауда соғысы ұзаққа созылса оның жеңімпазы АҚШ болатынын айтқан болатын.