Google компаниясы қытайлық Huawei кәсіпорнымен өзара байланысын тоқтатты. Reuters агенттігінің хабарлауынша, АҚШ үкіметі Huawei компаниясын қара тізімге енгізгеннен кейін Google осындай шешімге келген.
Компанияның ресми өкілі: «Біз бұйрыққа сәйкес әрекет етіп, оның салдарын зерделеп жатырмыз. Google Play қосымшасы Google Play Protect қорғанысы қолданыстағы Huawei құрылғыларында жұмыс істей береді. Huawei-дің алдағы уақытта шығатын Android-та жұмыс істейтін смартфондары Google Play Store, Gmail және YouTube сияқты танымал ресурстарын аша алмайды. Huawei үшін Android-тің тек жалпыға арналған жүктемелері ғана қолжетімді болады», – деп мәлімдеді. Huawei бұрынғыдай Google қосымшаларын жүктеп, оларды ұдайы жаңарта алады. Дегенмен, бұл қадам қытайлық компанияның Қытай аумағынан тыс жерлерде смартфон өндіру бизнесіне кедергі болмақ.
1 желтоқсанда Huawei компаниясы басшысының қызы және қаржы директоры Мың Ванжоу Уашингтонның сұрауы бойынша Канада мемлекетінде тұтқындалған болатын. Ресми Уашингтон аталған айыптауларда Huawei компаниясы АҚШ билігінің Иранмен байланысына қатысты екі еншілес компаниялармен, «Huawei Device USA» және «Skycom Tech» қарым-қатынастарына қатысты жалған ақпарат таратып келгенін айтты. Бұдан өзге айыптауға сәйкес, қытайлық компания америкалық T-Mobile технологиясын ұрлаған. АҚШ сауда министрі Уилбур Росс Huawei-ге қатысты айыптау АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қатынасына ешқандай қатысы жоқ деп мәлімдеді. Кейіннен, 16 мамырда АҚШ Президентінің әкімшілігі Huawei Technologies Co Ltd компаниясын қара тізімге енгізді.
Huawei – Қытайда «ұлттық чемпион» деген атаққа ие болған компания. Оның мақсаты – техникалық салада көшбасшы болу. Алайда, соңғы жылдары қытайлық компанияға алаяқтық баптарына сәйкес бірнеше айыптар тағылып, әлемдік аренадағы беделіне нұқсан келді. АҚШ-тың Қаржы министрлігі ұсынған айыптаулар ең маңызды, әрі күрделісі және бұл іс екі ел арасындағы сауда соғысын тұтандырушы болып саналады.


















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті