Корей түбегіндегі шиеленістің қайта күшеюіне байланысты, АҚШ Мемлекеттік департаменті Оңтүстік Кореяға 310 млн АҚШ доллары көлеміндегі зымыран қаруларын сату туралы жоспарды бекітті. Бұл туралы Пентагонға тиесілі Қорғаныс саласындағы қауіпсіздік жөніндегі агенттіктің (DSCA) ресми сайты мәлімдеді.

Аталған сайттың мәліметіне қарағанда, Оңтүстік Корея АҚШ-тан 94 дана «Стандарт-2» зымыран тасығышы мен 12 топ зымыран қосымша бөлшектерін сатып алуды талап еткен. Аталған қару-жарақ құны жиыны 314 млн АҚШ долларын құрайды. Пентагон АҚШ-тың Оңтүстік Кореяға қару-жарақ сату туралы жоспарын 17 мамыр күні жария еткен болатын.

«Стандарт-2» зымыран тасығыштары ұшқышсыз ұшу құрылғылары және зымыран арқылы жасалған шабуылдарға қарсы пайдаланылады. Көбінде әскери флоттардың әуе шабуылына қарсы қорғанысы үшін істетіледі.

АҚШ пен Солтүстік Корея басшылары арасында Вьетнам астанасы Ханойда ақпан айында өткен екінші реткі келіссөз сәтсіз аяқталғаннан кейін, КХДР мамыр айында екі рет зымыран сынағын өткізді. Бұл Оңтүстік Кореяның алаңдаушылығын туғызды. Өз қорғаныс қауіпсіздігін арттыру үшін Оңтүстік Корея АҚШ-тан жаңа қару-жарақ сатып алу туралы ұсынысын жасаған. АҚШ-тан сатып алатын әскери техникалар арасында F-35 жауынгерлік ұшақтары да бар.

 “The Qazaq Times”