Биыл қаңтар-наурыз аралығында 8 мыңнан астам адам басқа мемлекетке қоныс аударған.
LS порталының хабарлауынша, бұл былтырғы көрсеткіштен 22%-ға жоғары. Қазақстандықтардың басым бөлігі Ресей, Германия, Өзбекстан, Қытай және АҚШ-қа кеткен. Ресми мәліметтерге сай, үш ай ішінде барлығы елу бес адам Америкаға көшкен. Ал Қазақстанға үш айда 3 мыңнан астам адам келген. Олардың бір жарым мыңы Өзбекстан мен Ресейден. Сонымен қатар, Түркіменстан, Қытай, Қырғызстан, Монғолиядан қоныс аударғандар да бар. Иммигранттардың 500-ге жуығының білімі жоғары болса, Қазақстаннан кеткендердің 2,5 мыңға жуығының білімі жоғары.
Айта кетейік, 2015 жылы Қазақстаннан кеткен мигранттар саны 30 мыңнан асса, 2014 жылы 28 мың адам болған. Олардың дені – Германия, АҚШ, Ресейге қоныс тепкен. Ал 2016 жылы 34 965 адам шетел асып кеткен. 2018 жылдың басынан бері 7000-ға жуық отандасымыз өзге елдің тұрғынына айналған және басым көпшілігі жас отбасылар.

















Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Қонаевтағы сот: Адвокаты Алмасбек Садырбайға жасалған қысым туралы мәлімдеді, ал субсидия сомасы сотта «қысқарып» жатыр
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
«Әбіл». Ұлттың жоқтауы және ащы өмірдің ашынған үні