Танымал бизнесмен, азаматтық белсенді Марғұлан Сейсембаев алда келе жатқан кезектен тыс президент сайлауына өзінің «Instagram» парақшасында талдау жасады.

Көптеген адамдардың сұрақтарына жауап беру үшін және көптеген бос сөз бен өтіріктен тазалау үшін мен мына сайлау науқаны жөнінде кішігірім талдау жасадым.
Сонымен, бізде төрт жол бар:

1. Дауысты Тоқаевқа беру.
Онда сіздер барлығы қалыптасқан күйде қала бергенді таңдайсыңдар. Өйткені Тоқаев өзін Елбасының саясатын жалғастырушы ретінде көреді. Тоқаев пен Қосановтан басқа үміткерлер жәй қыдырып жүрген жандар, сондықтан оларды мүлдем қарастырмаймын.
2. Дауысты Қосановқа беру.
Ол кісі туралы билік пен радикалды оппозиция әртүрлі сөз айтуда. Біреулер оны Ақорданікі дейді, біреулер оппозиция дейді. Сіздің бұл жөнінде білу керек нәрсеңіз, ол Қосановтың тұлғасы емес, ол сіздердің қалыптасқан жағдайға қарсы екеніңізді білдірудің заңды және өркениетті жолы екендігі. Сіздердің еліміздегі өзгеріске деген талабыңызды білдіру жолы. Ия, билік сіздердің дауыстарыңызды "ұрлауы" мүмкін. Бірақ, егер көп адам Қосановқа дауыс берсе, exit pool арқылы қанша дауыс ұрланғанын көруге болады. Және билік оларға қаншама адам қарсы екенін көріп өзгерістерге жол ашуы мүмкін. Бірақ, естеріңізде болсын, бұл тек қана мүмкіндік! Менің болжауым бойынша бұл жолдың өзгерістерге апару мүмкіндігі 33%. Бұл жол менің ойымша 67% ешқандай өзгеріске әкелмейді.
3. Байкоттау.
Бұл үшінші жол. Егер сіз сайлауға қатыспасаңыз, онда Тоқаев 100% жеңеді. Ол басым дауыспен жеңген соң, өзінің жеңісін "бұл xалықтың шын таңдауы" деп есептейді де, билікке қарсы шығып жүрген адамдарды жәй кішкентай ғана Әблязовтың топтары деп қудалайды. Қанша xалықтың өзгеріске деген талаптары бар екеніне көзі жетпейді. Қайта билiк сайлау үдерiсiне араласып дауыс ұрламайды. Оны көрген халықаралық бақылаушылар сайлау әдiл түрде өттi деп айтады. Байкоттау арқылы сіздер ештеңе дәлелдей алмайсыздар. Еуропа қанша бақырса да біздің билік оған пысқырмайды да. Барлығы бұрыңғы қалпында жүре береді. Байкоттау тек қана xалықтың басым бөлігі жасағанда ғана тиімді. Ал xалық ондай ауызбіршілік көрсетпесе, онда оның өзгерістерге әкелу мүмкіндігі 10-20% аспайды.

Бұны аурудың денесіне жасалатын күрделі операциямен салыстыруға болады. Арты не болатынын ешкім білмейді. Ауру мүлдем жазылып адам жаңарып, жасарып кетуі де мүмкін, бірақ ауруы жазылмай өліп те кетуі мүмкін. Әрине, шет елде жүрген кейбiр қандастарымызға бұл ең қолайлы жол, өйткені оларға бұл елге оралудың жалғыз жолы. Тариxта барлық революциялар жақсылыққа әкелген жоқ. Көптеген революциялар өздерінің басында қойған мақсаттарына жеткен жоқ. Бізге бұл жол қаншалықты керек екенін өздеріңіз ойланыңыздар.
Көрiп отырсыз ғой, алдымызда қиын таңдаулар тұр. Мүмкiндiгiмiз көп те емес. Бiрақ бәрiбiр бiздiң таңдауымыз бар. Естерiңiзде болсын, егер сiз саналы түрде өзiңiз таңдау жасамасаңыз, онда сiз үшiн басқа бiреу таңдау жасайды. Кейiн ренжiмеңiз.

Сайлаудан кейiн бiздің қанша таңдауымыз болатынын сiз қазiргi таңдауыңызбен шешесiз. Мен ешбiр жолға үгiттеп жатқан жоқпын. Бұл жәй талдау.

"The Qazaq Times"