Қазақстан мен өзге де шет мемлекеттері «Kazakhstan Global Investment Roundtable» аясында құны 9 млрд АҚШ доллары болатын келісімдерге қол қойды. Бұл туралы ҚР СІМ хабарлады.
KGIR-2019 басқосуында 45 коммерциялық келісімдерге қол қойылған. Меморандумдарға сәйкес, түркиялық «Yildirim Holding» компаниясы Жамбыл облысында кальций қосылған сода зауытын, ал ресейлік компания Түркістанда 500 гектарлық жылыжай құрылысын жүргізбек. Газ-химия саласында Маңғыстау облысының әкімдігі мен Сингапурдың «Westgasoil» компаниясы метанол және олефиндерді өндіру жобасын жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы келісімді бекіткен. Химия саласынан бөлек, білім беру саласында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында сингапурлық инвестор (Kinder World) «Білім метрополисін салу: мектеп, колледж, университет» жобасының жол картасына қабылданды. Жақын арада Нұр-Сұлтанда халықаралық білім беру кешендері салынбақ. Бұдан бөлек, деректер орталықтарының құрылысы және Қазақстанда 5G жобасын іске асыру секілді жобалар бойынша келісімдерге қол қойылды.
«Kazakhstan Global Investment Roundtable» басқосуына 1100-ден астам әлемдік және қазақстандық компаниялардың басшылары, халықаралық сарапшылар мен мемлекеттік ұйымдардың өкілдері қатысты. Қатарында 600-ден астам 41 елден келген қонақтар, сондай-ақ «Cisco», «Nokia», «CITIC Bank Corporation», «WILO SE Group», «AGCO Corporation», «Valmont Industries», «Tyson Foods», «Yildirim Group» және тағы басқа ірі компания менеджерлері бар.
Айта кетейік, тәуелсіздік жылдарында Қазақстан экономикасына 300 млрд АҚШ долларынан астам инвестициялар құйылған. Бөлінген қаржы білім, медицина, ауылшаруашылық салаларын дамыту мақсатында жұмсалуы тиіс.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді