Ресей президенті Владимир Путин Ресей әуе күштері техникасының бесінші ұрпақ Су-57 жойғыш ұшақтарын сатып алу туралы келісім жақында түзілетінін мәлімдеді. Ол және 2028 жылға дейін Ресейдің үш әуе күштері полкін су жаңа Су-57 ұшақтарымен жаңарту керек деп тапсырған.

Су-57 ұшағы бұған дейін Ресей әуе күштерінің айбыны саналатын Су-35 ұшақтарының жаңа буыны. Қазірге дейін 76 данасы өндірілген. Ең алғаш 2006 жылы сынақтан өткізу жоспарланған, алайда 4 жыл кешігіп, 2010 жылы әуеге көтерілді. Ал, 2017 жылы Сүрия жерінде Су-57 ұшақтары бірнеше рет пайдаланылды. Тіпті, америкалық әріптесі F-35 ұшақтарымен де кездесіп қалғаны бар. Ресейде бұдан тыс Су-35 ұшағының жетілдірілген жаңа түрі Су-35С ұшақтары да сынақтан өткізілу үстінде.

Президент Путин мәлімдемесінде жаңа буын ұшақтың 76 данасын түгелдей Ресей ӘӘК-не сатып алу туралы айтқан. Яғни, ресейлік әскери өнеркәсібінің өнімін қарулы күштеріне сатып алып бермек. Ол және жаңа буын ұшақтарында тікұшақтардың мүмкіншіліктері бар екенін айтады.

Былтыр, вице-премьер Борисов Су-57 ұшақтарынан 12 данасын ғана сатып алуды жоспарлағандарын мәлімдеген еді. Ол ресейлік телеарналарға берген сұхбатында: «Су-35 ұшақтары да әлемдегі теңдессіз ұшақтардың бірі. Сондықтан, Су-57 ұшақтарын көптеп сатып алудың керегі жоқ», – деген болатын.

76 дана Су-57 ұшақтарын сатып алуда көбірек сыналған, 2010 жылдан бері ұшу операцияларын өтеп келе жатқан ұшақтардың бағасы 20 пайызға дейін арзандату туралы да сөз болуда.

Ресейлік БАҚ аталған жаңа соғыс ұшағына ең жаңа технологиялар пайдаланып жасалғанын көбірек айтуда. Сарапшылар болса, Ресей бұл ұшақтарды жасап шығару арқылы өзінің заманауи әскери құралдар өндіруде көшбасшылар қатарында көрсеткісі келеді деп қарайды.

“The Qazaq Times”