Ирак Ресейден S-400 әуе қорғаныс жүйесін сатып алу шешімін жариялады. Бұндай шешімді Ирактың Мәскеудегі төтенше және өкілетті елшісі жеткізген.
Мәскеуде өткен конференцияда ресейлік компаниялардың Ирактағы инвестициясын арттыруға мүдделі екенін білдірген Ирак елшісі Айдар Мансур Хади, Бағдар билігі шешім шығарып, Ресейден әуе қорғаныс жүйесін сатып алуға бекігенін айтты.
Ресейлік S-400 әуе қорғаныс жүйесін сатып алу туралы екі ел үкіметі бұған дейін бірнеше рет кездесу өткізген. Бұған қоса Ирак пен Ресей мұнай-газ саласында ынтымақтастықты арттырып келеді. Кезекті мәлімдемесінде Ирак елшісі Хади ресейлік «ГазПром»-ның елдегі инвестиция көлемін 30 млн АҚШ долларына жеткізуді қалайтынын айтты.
Ирактың ресейлік әуе қорғаныс жүйесін сатып алуы АҚШ тарабынан қарсылыққа ұшырауы мүмкін. Себебі, Ирак пен оған жақын араб елдерінде Құрама Штаттың маңызды әскери базалары жиі орналасқан. АҚШ ресейлік қорғаныс құрылғысы F-35 секілді маңызды стратегиялық әуе техникаларына қауіп төндіреді деп алаңдайды.