Бүгін сайлау алды үгіт-насихат кезеңі басталды.

Заңға сәйкес, кешкі сағат 18-00-ден бастап сайлау алды үгіт-насихат кезеңі басталды. Ол маусым айының 7-іне дейін жалғасады. 8 маусым тыныштық күні.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы маусым айының 9-ы күні өтеді. Осы уақытқа дейін Орталық сайлау комиссиясы сайлауға қатысуға ниет білдірген жеті үміткердің кандидатурасын тіркеген.

"Нұр Отан" партиясы - Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Ұлт тағдыры" қозғалысы - Әміржан Қосанов.

Қазақстан кәсіподақтар федерациясы - Амангелді Таспихов.

"Ұлы дала қырандары" қозғалысы - Сәдібек Түгел.

"Ақ жол" партиясы - Дания Еспаева.

"Ауыл" партиясы - Төлеутай Рақымбеков.

Қазақстан коммунистік халық партиясы - Жамбыл Ахметбеков.

"The Qazaq Times"