Еуропалық Одақтың жоғарғы өкілі Федерика Могерини Венесуэладағы дағдарысты тоқтатуға шақырды. Осыған орай Коста-Рикада Венесуэла жөніндегі халықаралық байланыс тобының отырысы өткізіліп жатыр.

Могерини мәлімдемесінде: «Еуропа қолдау көрсетпесе, Венесуэланы муниципалитетті дағдарыс жайлауы мүмкін. Қазір негізгі орында тқрған мәселе – зорлық-зомбылықтың ушығуына жол бермеу және саяси үдерістің пайда болуы үшін кеңістікті сақтау.. Халықаралық қауымдастықтың араласуынсыз, әскери басып кірудің қандай да бір нысанынсыз, бірақ саяси процес іске қосылуы тиіс», – дейді.

Президент Николас Мадуроға қарсы наразылық толқынында оппозиция көшбасшысы Хуан Гуайдо өзін Венесуэланың уақытша президенті деп жариялаған болатын. Қаңтардан бастап Каракаста халық толқулары орын алып, ел бюджеті құлдыраған. Жыл басынан бері шекаралас мемлекеттерге қоныс аударған тұрғындар саны да артқан. Олардың басым бөлігі сарбаздар болғандықтан, Мексика мен Бразилиядан уақытша баспана сұрауға мәжбүр. Осы мәселеге қатысты Бразилиялық Пакарайма қаласының билігі Венесуэладан келіп жатқан босқындарды қабылдау үшін бюджет қаржысын ұлғайтуды сұраған. Қала басшысы Жулиано Торкуатудың айтуынша, көрші елден Бразилияға қоныс аударып жатқандар саны соңғы айда 14 мыңға жеткен. Заңсыз босқындардың артуы Бразилия экономикасына да зиянын тигізуде.

30 сәуірде Венесуэла оппозициясының басшысы мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекет еткенімен, кезекті мәрте сәтсіз аяқталды. Енді Хуан Гуайдо Венесуэланың қазіргі үкіметін құлатып, әділ сайлау өткізу үшін шетелдік қарулы күштердің көмегін қабылдауға дайын екендігін мәлімдеді.

"The Qazaq Times"