АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео күтпеген жерден Берлин сапарын тоқтататынын мәлімдеді. Оның айтуынша «шұғыл мәселелер» Германия канцлері Ангела Меркель және Германия СІМ басшысы Хайко Мааспен жоспарлаған кездесуін күшінен қалдыруға мәжбүр еткен.
АҚШ Мемлекеттік департаменті Помпеоның канцлер Меркельмен кездесуін болдырмайтындай қандай шұғыл мәселенің болғаны туралы мәлімет бермеген. Алайда, маңызды кездесулерді қайта жоспарлайтынын, жақын арада Помпеоның Берлин сапары қайта жоспарлайтынын айтады.
Ал, бұл туралы Германия канцлерінің баспасөз қызметі сөзді қысқа қайдырды: «Кездесу болмайтын болды. Себебі, АҚШ тарабы кездесуден бас тартты. Қосымша сұрақтарыңыз болса АҚШ елшілігінен сұраңыздар», – деген.
Германия Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі, екі елдің сыртқы істер ведомство басшылары кездесу жоспарын қайта қалпына келтіруге барынша күш салатынын ғана айтты.
Әу баста, Помпео «Ресей, Қытай және Сүрия тақырыптарында» екі елдің «өзара мүдделері туралы» талқылау үшін Германияға сапарлай баратынын білдірген еді. Бұдан бұрын ол Финляндияда Ресей СІМ басшысы Сергей Лавровпен кездескен болатын.


















ҚАРСЫЛАСУДЫҢ ЖАҢА ФАЗАСЫ: Соңғы 72 сағат соғыстың қай бағытқа кеткенін көрсетті
Майдан мен тылдағы қажыту соғысы: 12-14 шілдедегі әскери-стратегиялық ахуал
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті