Сплит қаласында Хорватиядағы Қазақстанның консулдығы ашылды, – деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.
Консулдықтың ашылу салтанатына Хорватияның Сыртқы және еуропалық істер министрі Мария Пейчинович-Бурич, Өңірлік даму және ЕО қорларының министрі Габриела Жалац, Сплит-Далмациялық жупаниясының, Сплит қаласы әкімшілігі басшылығының өкілдері қатысты.
Қазақстан – Хорват ынтымақтастығына орай екі ел арасындағы сауда көлемі 2018 жылы 353 млн долларға жеткен. Осы ретте Хорватияның СІМ басшысы ҚР консулдығының ашылуы сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі арттыруға, туризм, білім, мәдениет және спорт саласындағы алмасуларды кеңейтуге ықпал етеді деп атап өтті. Ал Қазақстан елшісі Төлежан Барлыбаев ҚР СІМ басшылығы атынан М.Пейчинович-Буричпен алдағы жоспарлармен бөлісті.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы