Уашингтон Венесуэладағы жағдайға ықпалын тигізбеуі тиіс. Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров осылай деп мәлімдеді.
Жақында Лавров Венесуэла СІМ Хорхе Арреасамен Мәскеуде кездесу өткізіп, Мәскеу мен Каракас байланысын талқылады. Лавров мәлімдемесінде: «АҚШ басқарған кампания Венесуэла билігін құлату үшін қолдан келгенін жасап отыр. Бұл кампания БҰҰ бекіткен жарғыдағы халықаралық құқықтың негізгі принциптерін бұзуда. Мен Америка тарапы мен оларға қолдау көрсетіп отырған елдерді заң аясында әрекет етуге шақырамын», – деді.
Ал АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Майк Помпео, керісінше, Венесуэла мәселесіне Мәскеу араласпауы керек деп мәлімдеген. Помпео Венесуэла дағдарысы ушықпас үшін, елде әділ сайлау өтуі тиіс және Америка қашан да демократиялық мемлекеттерді қолдайтындығын айтты. Енді екі министр дүйсенбіде Финляндияда өтетін форумда кездеспек.
Осыған дейін, яғни 11 желтоқсанда Ресейге Венесуэла президенті Николас Мадуро мен Қорғаныс министрлігінің басшысы Лопес барған болатын. Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгу сол кезде Ресей әскери авиациясының Венесуэла аэродромдарына ұшу практикасы жалғасатынын, ал Ресей ВМФ кемелері осы елдің порттарына кіретінін мәлімдеген. Сол уақыттан бері ресейлік ұшақтар Венесуэла әскери қызметшілерімен бірлескен оқу-жаттығуларға қатысып келеді.
Өткен аптада оппозиция жетекшісі Хуан Гуайдо Мадуроның билігін аударып тастауға әрекет еткен, алайда бұл әрекеті сәтсіздікке ұшырады. Оның нәтижесінде, оппозиция мен қарулы күш арасында қарулы қақтығыс орын алған.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді