ҚР Орталық сайлау комиссиясы «Ұлт тағдыры» бірлескен ұлттық-патриоттық қозғалысының атынан ұсынылған кандидат, қоғам қайраткері, саясаткер Әміржан Қосановқа президенттікке кандидат куәлігін тапсырды.
Комиссия мүшесі А.Ихданов: «Хаттамалардың нәтижелеріне сәйкес, Әміржан Сағидрахманұлы Қосанов Қазақстанның 14 өңірінен оны Президенттікке кандидат ретінде қолдайтын 131 189 азаматтың қолын жинады. Олардың ішінен 129 582 расталды», – деп мәлімдеді. Осыған дейін Әміржан Қосанов мемлекеттік тілді еркін меңгергенін растады. Сонымен қатар, Орталық сайлау комиссиясы оны заңның барлық талаптарына сай деп таныды. Кандидат Қосанов қажетті қолдардың санын да жинап шықты.
Ә.Қосанов сөзінде: «Жасыратыны жоқ, мені ұсыну және қол жинау кезінде біраз күмән болды. Осы Қосанов сайлауға тіркеле ме, тіркелмей ме деген күмән болды, әртүрлі арандатулар болды. Қасақана жасалған бір ақпараттық шабуылдар да болды. Осы күнге дейін мен және менің әріптестерім тіркеу болмайтын шығар деп ойладық. Бірақ бүгінгі күн Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «әділ сайлау өткізуге кепілдік беремін» деген сөзінің бір нышаны деп білемін, солай қабылдаймын»,– деді.
Қосановтан бөлек, Орталық сайлау комиссиясы «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының мүшесі Төлеутай Рахымбеков және Қазақстанның коммунистік партиясының өкілі Жамбыл Ахметбековты президенттікке кандидат ретінде тіркеді.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел