Американың Джексонвилл қаласындағы өзенге Boeing 737 жолаушылар ұшағы құлады.
Джексонвилл мэрі Ленни Карри өзінің Twitter-дегі парақшасында: «Коммерциялық ұшақ өзенге құлады. Мен бұл туралы ақпаратты біздің өрт сөндірушілер мен құтқарушы департамент өкілдерінен естідім. Олар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр», – деп жазды.
Мәліметтер бойынша, ұшақта жалпы саны 142 адам болған және барлығы аман. Зардап шеккен жолаушылар қала маңындағы ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта апат себептері анықталып жатыр.
Айта кетейік, 10 наурызда Дэбрэ-Зэйт қаласы маңында «Ethiopian Airlines» компаниясына тиесілі «Boeing 737 Max» ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан 157 адам көз жұмған. 2018 жылы қазан айында Индонезияда тап осы модельді лайнер құлап, 189 жолаушы қаза тапқан еді. Осы оқиғадан кейін Ұлыбритания мен Франция ұшақтан бас тартса, Малайзия, Австралия, Индонезия, Қытай мен Сингапур билігі әуе кемесін бұдан былай сапарға шығармайтын болды

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті