Қазақстан мен АҚШ Үкіметі арасында консулдық артықшылықтар мен иммунитеттер туралы келісімге қол қойылды. Аталған құжатты ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев пен АҚШ-тың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Уильям Мозер бекітті.
Қазіргі уақытта АҚШ-тың Нью-Йорк және Сан-Франциско қалаларында Қазақстанның екі бас консулдығы бар. Алдағы уақытта екі ел арасындағы дипломатиялық байланыстарды одан ары нығайту жоспарланып отыр. Осыған орай Ержан Ашықбаев: «2018 жылдың қаңтарында ҚР тұңғыш президенті Н.Назарбаев АҚШ-қа ресми сапармен барып, осы екіжақты қатынастарымызды кеңейтілген стратегиялық әріптестік деңгейіне шығару туралы уағдаластыққа қол жеткізген болатын. Осы келісім Қазақстан мен АҚШ-тың консулдық лауазымды тұлғаларды және олардың отбасы мүшелерін дипломатиялық иммунитеттермен, артықшылықтармен қамтамасыз етуге байланысты мәселелерді реттемек. Бұл өз кезегінде лауазымды тұлғалардың қызметіне оң әсерін тигізетін болады», – деді.
Ал Уильям Мозер мәлімдемесінде екі ел аумағында қызмет етіп жүрген дипломаттар үшін толық иммунитеттер мен артықшылықтарды қамтамасыз ету бағытында тиісті қадам жасап отырғанын атап өтті. Мозер сөзінде: «Қазақстан мен АҚШ тығыз екіжақты қатынастарды қамтамасыз ету үшін біраздан бері бірқатар бастамаларды іске асыруға қатысты. Біз Қазақстанның АҚШ аумағында дипломатиялық қатысуын кеңейту мүддесін қолдаймыз. Осы орайда Қазақстандық дипломаттар үшін артықшылықтар мен иммунитеттерді қамтамасыз ету – инвестиция тарту арқылы экономиканы дамыту мен екіжақты байланыстарды ары қарай нығайтуға ықпал ететіні сөзсіз», – деп мәлімдеді.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді