SpaceX компаниясына тиесілі Crew Dragon кемесінің капсуласы жойылды.
Илон Масктың компаниясы Falcon Heavy ауыр зымыраны жақын арада ұшырылады деп хабарлаған. Тәжірибе кезінде компанияға тиесілі Crew Dragon кемесінің капсуласы жойылды. Джон Кеннеди атындағы ғарыш орталығының вице президентінің мәлімдеуінше, кеменің қозғалтқышы сәтсіз сынақ кезінде жойылған.
SpaceX компаниясы өкілдері: «Falcon Heavy бірнеше көрсеткіш бойынша әлемдегі ең қуатты зымыран атанды. Аталған зымыран орбитаға өзімен 64 тонна жүк (18 "Boeing 717" ұшағы көтере алатын салмаққа тең) көтере алады. Оське түсетін осынша салмақ пен қысымды ескерсе, Falcon Heavy болашақта адамдарды Марсқа апара алады деуге болады»,– дейді. Канаверал мүйісінен ұшырылған зымыран үшін бұл – тұңғыш коммерциялық жоба. Ол Сауд Арабиясының Arabsat 6A жер-серігін орбитаға шығаруы тиіс. Былтыр дәл осы ғарыш кемесіне Илон Масктың спорттық көлігі тиеліп, оған скафандр киген қуыршақ адам отырғызылған. Сол уақытта Илон Маск: «Бұл ғарыш тарихындағы ең мықты зымыранның сәтті көтерілуі бола ма, әлде аспандағы көздің жауын алар отшашуға куә боламыз ба, әзірге белгісіз. Бірақ әлемнің түпкір-түпкірінен осы жайтты көру үшін мыңдаған адам келді», – деп мәлімдеді.
Капсула жойылу барысында компания қызметкерлері қауіпсіздік шараларын сақтаған және жапа шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта арнайы мамандар оқиғаның нақты себебеін анықтауға кірісті.


















Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды