Қазақстан құрамасы Бішкек қаласында өткен ағылшын тіліндегі сөздерді емлесіне қарай айтудан үшінші Орталық Азия Spelling Bee сайысында жеңіске жетті.
Осымен үшінші жыл қатарынан қазақстандық сайыскер жеңімпаз атанды. Биыл Александр Лопухов ағылшын тіліндегі scintillating сөзін дұрыс айтып, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан қалаларынан 16 сайыскерлерді озып шықты.
Америкалық мәдениеттің бір бөлігі саналатын Spelling Bee сайысына жыл сайын қызығушылық танытқан қатысушылар саны артқан. Аталған сайыс Америкада 90 жылдан астам уақыт бойы мектеп оқушылары арасында өткізіліп келеді. Сайысқа қатысушылардың міндеті – сахнада тұрып, жүргізуші айтқан сөзді емле ережелеріне сай дұрыс айту. Ағылшын тіліндегі көптеген сөздердің айтылуы мен жазылуындағы айырмашылық зор болғандықтан, қатысушылар үшін қиындық туғызады.
Айта кетейік, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдеріндегі АҚШ елшілігі Spelling Bee сайысын үшінші жыл ұйымдастырып отыр. 2018 жылы Spelling Bee Ортаазиялық сайысы Алматыдағы American Space шығармашылық алаңында өтті. Ал 2017 жылғы сайыс Тәжікстанның Дуншанбе қаласында өткізілген.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі