Ресей президенті Владимир Путин Орталық Азиядағы үш мемлекетке сапары аясында 28 ақпанда Бішкекте Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті. Екі елдің басшылары бірлескен баспасөз конференциясын өткізіп, мемлекет басшыларының кездесуінде РФ мен Қырғызстан арасындағы әріптестік мәселелері талқыланғанын мәлімдеді. "Бұл туралы Орталық Азия хабар қызметі" жазады.
Кездесуде Кант қаласында ресейлік әскери базаны кеңейту мәселесі талқыланбаған - мемлекет басшылары қырғыз әскерін нығайту және қару-жарақ жеткізу мәселелерін қараған. Атамбаевтың айтуынша, Ресей Қырғызстан қарулы күштерін нығайтуға көмектескісі келеді. Путин Кант қаласындағы ресейлік базаның пайда болу тарихын еске салып өтті.
"Ол қырғыз басшылығының сұрауымен 1999-2000 жылдары пайда болды. Сол кезде Қырғызстан халықаралық террористердің шабуылдарына тап болды, олар мұнда Ауғанстаннан келген еді. Сол кезде Қырғызстан басшылығы менен тез арада әскери контингент орналастыруымды сұрады", - деді ол.
Владимир Путиннің мәлімдеуінше, Ресей Қырғызстан өтінішімен базаны алып кетуге дайын. "Қырғызстан қарулы күштерін жеткілікті деңгейде нығайттық, база енді қажет емес дейтін болса, онда біз сол күні кетеміз", - деді Ресей басшысы.
“The Qazaq Times”


















Қонаев сотындағы текетірес: 187 томдық жұмбақ, «заңсыз қамау» дау, судьяға екінші мәрте отвод
Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Ашық соттағы «көлеңке»: Алмасбек Садырбай ісінде жауапсыз қалған сұрақтар көбейіп барады
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?