Францияның экс-премьері Франсуа Фийон мен әйелі Пенелопа «мемлекет қаржысын жымқырды» деген күдікке ілінді. Бұл туралы Неміс толқыны хабарлады.
Мәліметтер бойынша, Пенелопа Фийон Франция парламенті мен «Revue des deux mondes» басылымынан 1 млн доллардан астам ақша алған. Егер Фийондардың қаржы жымқырғаны дәлелденсе, 10 жылға бас бостандығынан айырылады немесе 1 миллион еуро көлемінде айыппұл төлейді.
2017 жылы Франция ұлттық кеңесінің кезекті отырысында ел парламентінің депутаттарына жұмысқа туыстарын алуға тыйым салатын заң жобасын енгізген. Франция билігі бұл заңды сайлау кезінде президенттікке үміткер атанған Франсуа Фийон өз әйелін жұмысқа алып, оған жоғары жалақы тағайындауына байланысты шыққан даудан кейін қабылдаған. Кейіннен Николя Саркози президенттігі кезінде премьер-министр қызметін атқарған.

















Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр