Швейцария Солтүстік Кореяға көмек көрсетпек.
БҰҰ-ның хабарлауынша, Швейцария үкіметі Солтүстік Кореяға 2,8 млн доллар қаржы беруге дайын. Бұл сома – халықаралық ұйымдар мен мемлекеттердің Солтүстік Кореяға бергелі отырған қаржысының жартысына тең. Оның ішінде 5,7 млн доллар қаражат азық-түлік өнімдеріне жұмсалса, 13,8%-ы ауыз су тазартуға жұмсалмақ. Ал Швейцариядан кейін ең көп қаражатты Швеция бергелі отыр. Оның ұсынған қаржысы барлық гуманитарлық көмектің 42%-ы.
Швейцариядан бөлек, Солтүстік Кореяға АҚШ және Оңтүстік Корея тарапы да гуманитарлық көмек көрсетіп келеді. Reuters агенттігінің хабарлауынша, аталған мемлекеттердің КХДР-ға гуманитарлық көмек көрсетуі ядролық қарусыздану мәселесін шешуге ықпал етеді. Осыған орай, Америка мен КХДР халықаралық санкцияларға қатысты Корей түбегіндегі экономикалық жағдайларды талқылаған болатын.
2018 жылдың 27 сәуірінде Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин мен КХДР басшысы Ким Чен Ын арасында тарихи саммит өткен еді. Келіссөздер нәтижесінде тараптар бейбіт келісімшарт жасасу ниеттері бар екенін мәлімдеп, Корей жартыаралын қарусыздандыру жоспарлары туралы келіскен. Сонымен қатар, Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) мәліметі бойынша, Солтүстік Корея осы қарусыздандыруға қатысты келісмішартты орындамайтынын хабарлаған. Енді гуманитарлық жәрдем жеткізілгеннен кейін, аталған тақырып қайта талқылануы мүмкін.

















Субсидиялар заңды төленген бе? Соттағы жауаптар айыптау тұжырымдарын қайта қарауға негіз бола ала ма?
Уақытша бітімнің соңы: АҚШ пен Иран арасындағы текетірес неліктен қайта ушықты?
Алмасбек Садырбайдың соты. Айыптау актісінің заңсыздығы мен қолдан өсірілген миллиондар
ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті