Мысырдың орталық қаласы Каирде бас қосқан Араб елдерінің сыртқы істер министрлері ортақ декларация арқылы Құрама Штаттың Палестина бейбітшілік жобасын қабылдамайтынын білдірді. Араб елдері СІМ басшылары аталған жоба Палестинаның құқығына қайшы деп тапқан.
Каирда Араб лигасының СІМ басшылары отырысына Палестина мемлекет басшысы Махмуд Аббас та қатысқан. Жиналыста қабылдаған ортақ декларацияда «Палестина халқының құқығын қайтарып бермей, Таяу-Шығыста толық әрі баянды бейбітшілік орнамайды», – делінген. Сондай-ақ, 1967 жылғы 4 маусымдағы шекараның сақталуын, Иерусалимді орталық еткен дербес Палестинаның құрылуын қолдаған. Израиль үкіметінен басып алған территорияларға елді мекен салуды тоқтатуды, палестиналық босқындарды босатуды талап еткен.
Араб елдері СІМ басшылары Палестинадағы топтарды ұлттық бірлікті қалыптастыруға, үкіметтің жауапкершілігін өз мойындарына алуға, тез арада сайлау өткізуге шақырған.
Бұған дейін, Таяу Шығыста бейбітшілік орнатуда АҚШ ұсынған үлгі бұған дейін президент Трамп пен Израиль премьері Нетаньяху арасында талқыланған деген мәліметтер тараған.