Ресей Сүрия портын 49 жылға жалға алды.
Ресей Федерациясы Сүрияның Тартус портын 49 жылға алды. Бұл жөнінде Ресей вице премьері Юрий Борисов Сүрия президенті Башар Асадпен болған кездесуден кейін мәлімдеді.
«Біз бір апта ішінде келісім шартқа қол қоямыз деп үміттенеміз. Осыдан кейін порт 49 жылға Ресейдің пайдалануына өтетін болады» - деді Борисов журналистер алдында сөйлеген сөзінде.
Ресей вице-премьерінің сөзінше, аталмыш келісім 2018 жылдың желтоқсан айында өткен мемлекетаралық комиссия отырысында қабылданған.
Сүрияның Тартус портына 49 жылға Ресейдің материалдық-техникалық базасы орналасатындығы жөнінде 2017 жылы белгілі болған. Ал аталмыш аймақта Ресейдің әскери-теңіз күштерінің базасы ашылатындығы жөнінде 2016 жылы айтылған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
ORDA хабары, Ақорда реакциясы және Садықов ісі: не болып жатыр, нені байқадық?
Созбұйдаға салынған жеті томдық: Қазақтың академиялық тарихы қашан жарық көреді?