Қазақстан азаматтарына бір жыл ішінде 500 млрд теңге көлемінде шағын несие берілген. Бұл туралы Ranking.kz сайты хабарлады.
Тұтынушылық мақсатта берілген шағын несие сомасы 130 млрд теңгеден асқан.2018 жылы Қазақстанның шағын несие беру ұйымдары халыққа 500,7 млрд теңгенің несиесін берген. 2017 жылмен салыстырғанда шағын несие алатын жеке тұлғалардың үлесі 32,9%-ға артып, 346,2 млрд теңгеге жетті. Ал заңды тұлғалар саны 24,7%-ға кеміп, 154,5 млрд теңгені құраған. 2018 жылы кәсіпкерлік мақсатта берілген несиелер саны жарты есеге көбейіп, 62,3%-ды құрады. Сонымен қатар, шағын несие берумен айналысатын ұйымдар саны да қысқарған.
Несие алған Қазақстан азаматтарының арасында жылдар бойы қарызын қайтара алмай жүрген тұрғындар көп. Тіпті, соңғы уақытта олардың қатары тіптен арта түскен. 2017 жылдың өзінде проблемалы кредиттері ең көп банк – Ресейлік Сбербанктің Қазақстандағы еншілесі (13,7%) және АТФ Банк (11%) болған. Ал Цесна банкте болса қарыз портфелінің сапасы басқаларға қарағанда (4,8%) жоғары. Ал орта және шағын банктердің проблемалы кредиттері ірі банктерге қарағанда әлдеқайда аз.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы