Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков президент Путин мен Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Ун арасындағы кездесудің дайындық жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.
Песков сөзінде: «Мен тек Ресей мен КХДР басшылары арасындағы кездесудің дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын растай аламын. Кездесудің орны мен уақыты тұрақтанған кезде бұл туралы мәлімдейтін боламыз», – деген.
Оңтүстік Кореяның «Йонхап» агенттігі дүйсенбі күні таратқан хабарында, Ресейдегі кейбір дереккөздерінің мәліметін алға тарта отырып, келер аптада Солтүстік Корея басшысы Ким Жоң Унның Ресейге сапарлай баратынын айтқан.
Хабарда айтылуынша, Владимир Путин 26-27 сәуір күндері Бейжіңде өтетін «Бір белдеу, бір жол халықаралық ынтымақтастық форумына» қатысу үшін Қытайға сапарлай барады. Қытай сапарынан бұрын 24 сәуірде Қиыр-Шығыста жергілікті іс шараларға қатысуды жоспарлаған. Осы тұста Солтүстік Корея басшысы Ресей жерінде Путинмен кездеседі делінген.















АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес