Венесуэла энергетика саласындағы және әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында Ресеймен бірлесе жұмыс істемек.
Reuters агенттігінің хабарлауынша, жақында Венесуэладағы энергетика нысандарына шабуыл жасалып, қалаларда жарық, су қолданысы қиындай түскен. Осы ретте Ресей тарапы «қолдан келген көмекті аяаймыз» деп отыр.
Ресей СІМ саласының қызметкері Олег Сыромолотов: «Венесуэлада 7 наурыздан бастап электроэнергия секторына жасалған шабуылдар тоқтамай тұр. Венесуэлалық әріптестерге бар көмегімізді көрсетеміз», – деді. Оның айтуынша, электр желісі стансасына қашықтықтан шабуыл жасалған. Станса құрал-жабдықтарының арасында Еуропада құрастырылған жабдықтар да бар.
Осыған дейін Венесуэлада орын алып жатқан дағдарысқа тосқауыл болу үшін Ресей Каракасқа әскер жіберген болатын. Ресми Мәскеу «диктатор» атанған Венесэула президенті Николас Мадуроға қолдау блідіретіндігін айтты. Ал НАТО мен ЕО құрамындағы мемлекеттер және АҚШ Николас Мадуроны мемлекеттің заңды басшысы деп санамайды. Еуропарламент және өзге де мемлекеттер өзін президент міндетін атқарушы деп жариялаған Венесуэла оппозициялық Парламентінің көшбасшысы (Ұлттық ассамблея) Хуан Гуайдоны елдің лигитимді басшысы ретінде таныды.