Ресей Думасының өкілі Алексей Пушков жексенбі күні АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілінің «Ресей тарапынан Қырым түбегінің басып алынуы» туралы уәждеріне қарсылық білдірді, деп хабарлайды “Фарс” баспасөзі «Тасним» ақпарат агенттігінің хабарлауы сілтеме жасап.
Алексей Пушков АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі Никки Хейлидің Қырым түбегінің жағдайы туралы сөздеріне білдірген уәжінде: «Никки Хейли Қырым түбегінің жағдайы туралы алаңдаудың орнына ДАИШ лаңкестерінің Ирактағы қылмыстарына қатысты алаңдауы керек»,-деп баса айтты. Никки Хейли жуырда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында сөйлеген сөзінде: «Қырым – Украинаның бір бөлігі. Біздің Қырымға қатысты Ресейге қарсы санкцияларымыз Мәскеу осы түбекті Украинаға қайтарғанша жалғасатын болады. Иракта ДАИШ қылмыстарынан құрбан болған 4 мың мәйіттен тұратын бір ұжымдық көр табылды. Никки Хейли неге осы мәселеге қатысты үнсіздік танытып отыр? Ол Қырым мәселесіне емес, осы мәселеге қатысты алаңдауы керек»,-деді.
“The Qazaq Times”


















Әзербайжанның батыл мәлімдемелері Кремльге қандай белгі береді?
Арктикадағы "Ұлы ойын": Жаңа кезең басталды
Қытай мен Ресейдің жаңа дипломатиялық белсенділігі: әлемдік тәртіпке әсері
Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс бәсеңдеді, бірақ қауіп сейілген жоқ
Орта Шығыста жалғаса беретін қақтығыс: Иран мен Израиль арасындағы үзілмейтын текетірес
Украина–Ресей соғысы: 2025 жылғы көктемгі жағдайға геосаяси және әскери талдау