Ақ үйде өткен кездесуде Трамп БҰҰ-дағы АҚШ елшісі Никки Хейлидің жыл соңына дейін өз қызметінен басқа лауазымға ауысатынын айтты.
Кездесу барысында Трамп Никки Хейлидің осы уақытқа дейін атқарған ісіне оң бағасын берді. Ал Оңтүстік Каролинаның губернаторы болған Хейли өз сөзінде президентке алғыс білдіріп, 2020 жылғы президенттік сайлауда Трампқа қолдау көрсететінін айтты.
Үнді мигранттарының отбасында дүниеге келген Хейли 2010 жылдан бері АҚШ-тағы ең жас губернатор саналады. Ол бұл қызметке 2016 жылы қарашада ұсынылған. Маусым айында АҚШ Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ Кеңесінің құрамынан шығатынын мәлімдеген болатын. Хейли сол кезде Трамптың мигранттарға қатысты айтқан пікіріне қарсылық білдіріп, «тек өз мүддесін ойлайтын екіжүзді» деп сынаған.
Америка көшбасшысы Дональд Трамп жаңа елшіні алдағы уақытта таныстыратын болады.


















Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел
Ирандағы соғыс өрті: геосаяси дағдарыстың жаңа кезеңі
Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы