АҚШ президенті Дональд Трамп Мексикамен шекараны жабу туралы ойынан бас тартты.
The Washington Post басылымының хабарлауынша, Ақ үй басшысы экономика және заңнамалық мәселелермен айналысатын мекемемен кеңесе отырып, шекараны ашық қалдыру туралы шешім қабылдаған. Егер Мексика шекарасы жабылатын болса, онда АҚШ-тың экономикасына айтарлықтай зиян тигізеді.
Бұдан бөлек президент Дональд Трамп Мексика үкіметі бір жыл көлемінде миграция мен есірткі мәселесін шешпесе, көрші елден келетін автокөліктерге баж салығын арттыратынын ескертті.
Осыған дейін Трамп АҚШ пен Мексика шекарасында дуал тұрғызу үшін 5,7 млрд доллар бөлу туралы ұсыныс білдірген. Алайда, республикалықтардың бұл ұсынысын демократтар қабылдаудан бас тартты. Қос тарап ортақ келісімге келе алмағандықтан, 22 желтоқсаннан бастап бір ай көлемінде «шатдаун» деп аталатын үкімет құрылымдарының жұмысын ішінара тоқтатылған. Шекара мәселесіне қатысты ресми мәлімдемеде Трамп: «Қазіргі уақытта есірткі тасымалы, зорлық-зомбылық, ұрлық-қарлық сынды мәселелер артып келеді. Мұның басым көпшілігі босқындар мен заңсыз миграция салдарынан орын алып отыр. Егер біз осы құрылысты бастасақ, гуманитарлық дағдарысты тоқтата аламыз», – деп дуалдың маңыздылығы туралы мәлімдеген.


















АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі