Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ресми іссапармен Ресейге барды.
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан президенті ретінде алғаш рет ресми іссапармен Ресейге барды. Оны Мәскеу қаласының Внуково-2 әуежайынан Ресей Сыртқы істер министрлігінің хаттамалар бөлімінің басшысы Игорь Богдашов пен пен Қазақстанның Ресейдегі елшісі Иманғали Тасмағамбетов күтіп алды.
Іссапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездеседі. Кездесу барысында қос тарап екіжақтық қарым-қатынас, саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық әріптестік салалары бойынша келіссөздер жүргізеді деп күтілуде.