НАТО ұйымының 70 жылдығына орай мүше елдердің сыртқы істер министрлері 3-4 сәуір күндері Уашингтонда бас қоспақ. Жиналыс кезінде Ресей тақырыбы, Ауғанстандағы қайшылықты жөнге салу мәселелері ортаға салынбақ.
Ертең НАТО-ға мүше елдердің СІМ басшылары АҚШ Конгресі жағынан ұйымдастырылған арнайы жиынға қатысады. Онда ұйымның бас хатшысы Йенс Столтенберг баяндама жасамақ. Сондай-ақ, кеште қатысушылар бұдан жетпіс жыл бұрын Солтүстік Атлантика келісімі қол қойылған Меллон сарайында бас қосады.
НАТО-ның бұл реткі жиналысында Ресейдің орта қашықтыққа атылатын зымырандар туралы келісімге қайшы әрекеттері ең негізгі тақырып болмақ. Ұйымның бас хатшысы Столтенбрег бұл жөнінде Ресейді айыптап пікір білдірген. Ол сөзінде: «Ресей біздің ескертуімізді тыңдамай отыр. Біздің уақытымыз тығыз, сондықтан да НАТО-ның ең басты қадамдарын талқылайтын боламыз», – деген.
Ол және Грузия мен Украинаға қарата қолдауды күшейтетінін де ашық айтты. Бұл алдағы уақытта НАТО мен Ресей арасындағы қайшылықтың тіпті де күшейе түсетінін көрсетеді.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Иранның рухани көсемі: соңғы наразылықтар кезінде мыңдаған адам қаза тапты
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Оқпен басылған қаңтар: Иранда билік халықты қарумен басып жатыр
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Венесуэладағы әскери операция: Трамптың мәлімдемесі және аймақтық тұрақсыздық тәуекелі