Түркиядағы сайлаудың алдын ала жасалған қорытындылары бойынша Ердоғанның Әділет және даму партиясы оппозициядан кейін қалып келеді. Ең негізші оппозициялық партия болып саналатын Республикалық елдік партиясы әсіресе орталық қалада көбірек дауысқа ие болды.
Анкара мен Стамбул екі партияға бөлініп қалғандай. Республикалық елдік партиясының үміткері Мансур Янаш Анкарада өз жеңісін жарияласа, Стамбулда Ердоғанның партиясы жеңіске жетті. Бірақ, елдегі үшінші үлкен қала Ізмирде оппозициялық партия тағы басым түсті.
Түркиядағы кезекті сайлау елдің экономикасы кері кете бастаған тұста өткізіліп жатыр. Сондықтан, түркиялықтардың саяси белсенділігі біршама жоғары. Сайлауға елдің 57 млн азаматы дауыс беруі де осыны көрсетеді. Бірнеше жердегі дауыс беру орталықтарында азаматтар арасындағы ұрыс-керіс, төбелестен бірнеше адам жараланғанын айтпағанда, жалпы сайлау науқаны тыныш күйде өтті деуге болады.
Ердоғанның Әділет және даму партиясы Түркия билігін 16 жылдан бері ұстап келеді. Сайлау кезінде Ердоған мәлімдеме жасап, елдегі барлық жағдайды ӘД партиясы шешуге қабілетті екенін айтты. Стамбулда ӘД партиясы жеңісін тойлай бергенде, Анкарада Республикалық елдік партиясы да өз жеңісін жария етті. Елдегі экономикалық жағдай мен 20 пайызға дейін жеткен инфляцияға байланысты кезекті сайлауда түркиялықтар президент Ердоған мен оның ӘД партиясын «жазаға тартуы» мүмкін деп болжануда.


















Косметикалық жаңару әдеті: «Аманат» пен «Әділетті» қауышуы – саяси жаңару ма, әлде номенклатуралық камуфляж ба?
Ормуз дағдарысы және көпполярлы әлемнің тууы: «Қырғи қабақ соғыстан» да қауіпті жаңа текетірес
Алмасбек Садырбай ісі: Қонаев сотында БАҚ-қа қойылған шектеу күшінде қалды
Алмасбек Садырбай ісі: Ашық сот па, әлде жабық бақылау ма?
Иран әскери элитасының жойылуы: соғыстың жаңа кезеңі
Хаменеиден кейінгі Иран: билік транзиті мен соғыс көлеңкесіндегі ел