Қазақстанда дизель отынын алты айға дейін экспорттауға тыйым салынды.

8 сәуірден бастап Қазақстаннан дизель отынын экспорттауға уақытша тоқтатылып, оны автокөлікпен тасымалдауға тыйым салынады. Тыйым салу туралы бұйрыққа елдің энергетика министрі Қанат Бозымбаев, қаржы министрі Әлихан Смаилов, ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов қол қойды.

12 ақпанда Үкімет ресейлік бензиннің елімізге тасымалдануына уақытша шектеу қою туралы құжаттың қабылданатындығын айтқан болатын. осы жағдайға байланысты Энергетика министрінің орынбасары Болат Ақшолақов отандық мұнай өңдейтін зауыттардың барлығы жаңғыртудан өткендіктен, ішкі нарықты АИ-92 маркілі жанармаймен толықтай қамтуға қауқарлы деген. Одан бөлек, вице-министр биылдан бастап елімізде экспорттық бақылау бекеттері орнатылатынын  айтты. Осылайша, Қазақстан аумағынан жанар-жағармайдың сыртқа заңсыз шығарылуына тосқауыл қою мәселесі қарастырылған.

Қазіргі уақытта Қазақстанда үш үшкен мұнай өңдеу зауытының бар екендігін тілге тиек еткен Болат Ақшолақов: «Аталған бұйрық – дизель отынын біздің шекарадан алып шығаруға тыйым салуды көздейді. Қаржы министрлігі өкілдері биылдан бастап арнайы экспорттық бақылау бекеттерін қоюды пысықтап жатыр. Ол жанар-жағармай тасымалдайтын цистерналы көліктерді тексеруге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта шекарада тұратын біздің офицерлердің ондай тексеріс жүргізуге құқықтары жоқ», – деп мәлімдеген.

 

"The Qazaq Times"