Күн мен түннің теңеліп, тіршіліктің жанданған шағы, көктемнің тіршілік қуатына ие болып, жаңа өмірдің басталатын шағын айғақтайтын Наурыз мерекесі өзінің ең байырғы мереке болуымен де ерекшеленеді. Оны бізден өзге Еуразия құрлығындағы бірқатар елдер мерекелейді.

Айталық, Иран мен Ауғанстан елінде ұлттық мереке және жаңа жылдың басталуы ретінде мерекеленсе, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан Тәжікстан, Әзербайжан және Ресейдегі Татарстан, Башқұртстан, Дағыстан қатарлы елдер ұлттық және қоғамдық мейрам ретінде өткізеді. Ал, Моңғолия, Қытайдың Шынжаң жері, Үндістан мен Пәкістан, Ирак, Сүрия, Түркия, Грузия, Македония, Албания елдері және Косово, Ирактағы Күрт аймағы бейресми мереке ретінде атап өтеді. 

Мерекеге орай, барша қазақ жұртына мерекелік сәлем жолдаймыз! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бай-қуатты іргелі ел болуды жазсын! Наурыз мерекелеріңіз құтты болсын!

“The Qazaq Times”