Бүгін ҚР жаңа президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ант қабылдау рәсімінде астананың атауын "Нұрсұлтан" деп өзгертуді ұсынды.
"Біз Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімін мәңгілік етуіміз керек. Осы мақсатта елордамыздың атауын Тұңғыш президентіміздің атымен атауды ұсынамын. Бұл бұған дейін ұсынылған еді. Атап айтсақ, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 2016 жылы 23 қарашада қабылданған декларацияда Парламент депутаттары айтқан еді", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Сондай-ақ, Тоқаев республикадағы қалалардың орталық көшелерінің атауын да Нұрсұлтан Назарбаевтың атына беруді ұсынды. Сонымен бірге, ғимараттар мен кабинеттердегі ҚР Тұңғыш президентінің портреттері алынбайтынын атап өтті.
Айта кетейік, бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ант қабылдады. Ал, кеше 19 наурыз 2019 жылы тікелей эфир арқылы жолдау жасаған ҚР президенті Н. Назарбаев өз өкілеттілігін тоқтататыны туралы шешімін жария еткен еді. Н. Назарбаев сөзінде Қазақстан Республикасының президенті міндетін атқарған уақыттағы қадау-қадау тарихи белестер туралы тоқтала келіп, ең жоғары лауазымды қызметтегі кезінде халқының өзіне сенім артқанына алғысын білдірді.


















Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды