Батыс Қазақстандағы 88 елді мекенді су басу қаупі бар, – деп хабарлайды «Қазгидромет».
Мәліметтер бойынша, БҚО-дағы Шаған өзеніндегі су көлемі 360 миллион текше метр болса, биылғы болжам бойынша 600 миллионнан асу қаупі бар. Ал Деркөл өзеніндегі судың көлемі осы көктемде 258 миллион текше метрге жетуі мүмкін. Бұл қалыпты мөлшерден 100 миллион текше метрге көп.
Қазіргі уақытта құтқарушылар Тасқала, Бәйтерек аудандары мен Орал қаласының төңірегінде жиналған мұзды кесіп жатыр. Осы ретте өзендегі судың арнадан асып кетпеуі үшін 167 мың шаршы метр өзен мұздан тазартылып, 19 мың 520 ойық шығарылған. Енді Орал қаласының айналасындағы 18 бекет арқылы өзге де елді мекендердегі көпірлер су тасқыны кезінде қыстырылып, мұздың бәрі тұрып қалмау үшін мұздан өзеннің арнасы босатылуы тиіс.


















Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді
Йемен соғысының жаңа кезеңі: оңтүстіктегі қақтығыс және аймақтық державалардың ойыны
Қағаздағы пациенттің өмірдегі жағдайы: Үнсіз әрі алпауыт эпидемияға қарсы күресте қазақстандық АББ-ның қауқары мен кемшілігі
Алматыда жаңа заманауи кітапхана ашылды
ŞAM театрының киноэксперименті: «№37» қойылымы фильмге айналды
Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?