Google Қытай әскеріне көмектесіп жатыр. Бұл туралы АҚШ президенті Дональд Трамп мәлімдеді.
Трамп өзінің Twitter-дегі парақшасында: «Google Қытайға және оның әскеріне көмектесіп жатыр, бірақ АҚШ-қа емес! Олардың Хилари Клинтонға көмектескені жақсы жаңалық шығар, бірақ Трампқа көмегі қажет емес. Бұл істің барлығы немен аяқталды?..», – деп жазды.
АҚШ-тың Штабтар басшылығы біріккен комитет төрағасы генерал Джозеф Данфорд Конгресте Google компаниясы қызметінің қытайлық әскерилерге көмек ретінде бағытталғандығы туралы ескерткен болатын. Сонымен қатар, АҚШ Қорғаныс министрі қызметін атқарушы Патрик Шэнахан Қытайдың америкалық компаниядан технология жымқырып жатқанын айтқан. Осылайша, Пентагон өкілдері аталған компанияның Қытай үшін қызмет етіп, әскери жасақты дамытуға жасырын түрде үлес қосып келгенін айтты. Ал Google компаниясы Құрама Штаттағы ауқымды жобаларды қолдауға қарсылық білдіріп отыр.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді