Бүгін Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше елге жаңа елшілер тағайындалды. Президент жарлығына сай, бұрынғы сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстанның Швеция Корольдігіндегі төтенше және өкілетті қызметіне тағайындалған.
ҚР СІМ-нің ресми сайтының мәліметіне Швеция, Сауд Арабиясы, Өзбекстан және Тәжікстан елдеріне жаңа елшілер тағайындалған.
Швецияға өкілетті әрі төтенше елші болып тағайындалған экс-министр Қайрат Құдайбергенұлынан тыс, президент жарлығымен:
Берік Сақбайұлы Арын - Қазақстан Республикасының Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы жанындағы Тұрақты Өкілі қызметіне;
Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды - Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне;
Асқар Ерлікұлы Тәжібаев - Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалған.


















Ертаев қайта қамалған күз: Рақымшылық «заңсыздық жәрмеңкесіне» айналды ма?
Талғар трагедиясы: Қызылқайраттағы қылмысқа қатысты жеті іс қозғалды
Қызылордадағы №60 мекемеден хат: Қамаудағы Думан Мұхаметкәрім қауіпсіздік сұрайды
Талғардағы қанды оқиға: ІІМ-ге жолданған сауал және қоғам күткен жауап
Талғарда тағы да қанды оқиға. Полицияның жауапсыздығы ма, жүйелік дағдарыс па?
Қайрат Қожамжаровқа қатысты тергеу: Назарбаев дәуірінің ықпалды шенеунігіне кезек келді