Қазақстан әлемдегі ауасы ластанған жиырма елдің қатарында.
Швейцариялық «AirVisual» компаниясы жүргізген сараптама қорытындысы бойынша, Исландия ауасы ең таза елдердің көшін бастап тұр (5 μg/m3). Таза ауамен қатар өмір сүруге қолайлы мекендердің қатарында Финляндия, Аустралия, Эстония және Швеция бар.
Зерттеу кезінде сарапшылар әлемнің 73 елінде РМ2.5 зиянды бөлшектердің шоғырлануын салыстырған. Нәтижесінде, Өзбекстан 16-шы, Қазақстан 29,8 µg/m³ көрсеткішімен 20-шы орында. Яғни ауасы ластанған жиырма елдің қатарында. Қалалар тізімі бойынша Астана 26 µg/m³ көрсеткішімен ауасы лас қала ретінде тіркелген.
Ауасы ең нашар ел ретінде Бангладеш (97,1 μg/m3) тіркелген. Сондай-ақ Пәкістан, Үндістан, Ауғанстан және Бахрейнде ауа сапасының жоғары деңгейде ластанғаны мәлім болды. Ал Ресей 58-ші, Украина 48-шы орында тұр.
Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен ұсынылған қалыпты норма – 10 μg/m3.


















Республикашылдар иммиграциялық операцияны сынға алды, бірақ Трампты ашық айыптаудан тартынды
Үкім өзгермеді. Мемлекеттік тілдің құны — төрт жыл түрме ме?
Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы