Француз Зинедин Зидан қайтадан испандық "Реал Мадрид" футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды.

Осы уақытқа дейін команданы Сантьяго Солари баптап келген. Ол бұл қызметке 2018 жылдың қазан айында Юлен Лопетегидің орнына келген.

Зидан командадан 2018 жылдың 31 мамырында кетті. Екі жарым жылға созылған бапкерлік қызметі кезінде ол Испания чемпионаты мен Суперкубогын және үш рет Чемпиондар лигасын жеңіп алды. Осыдан кейін ФИФА Зиданды 2017 жылдың үздік бапкері деп таныды.

Қазір "Реал" Испания чемпионатында үшінші орында тұр, ол "Барселонадан" 12 ұпай қалып келеді. Мадридтік команда Испания кубогы және Чемпиондар лигасы жарыстарынан шығып қалды.

"The Qazaq Times"