Испаниялық «Реал» футбол клубының бас бапкері Зинедин Зидан жылдың үздік бапкері атанды.
«France Football» журналының жылдық қорытындысы бойынша, 45 жастағы «Реал Мадрид» футбол клубының бас бапкері Зинедин Зидан 2017 жылдың «үздік бапкері» атанған. Ол бұл атақты бұған дейін 2016 жылы жеңіп алған.
Зинедин Зидан «Реал» ФК бас бапкері болып 2016 жылы келген. Ол келе салып Испания чемпионатын, Чемпиондар Лигасын, Еуропа суперкубогын және клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды. 2016-2017 жылғы маусымда «Реал» бір де бір рет жеңілмей Испания чемпионы атанды және Чемпиондар лигасын қатарынан екінші рет жеңді.
















ГАЗАДАҒЫ ТАРИХИ БЕТБҰРЫС: ХАМАС ӘКІМШІЛІК БИЛІКТЕН БАС ТАРТТЫ. АЙМАҚТЫ ЕНДІ КІМ БАСҚАРАДЫ?
АҚШ пен Иран келіссөзі қайта жалғаспақ: Доха кездесуі шиеленісті бәсеңдете ме?
Украина-Ресей соғысы «энергетикалық дуэльге» айналып кетті
Меморандумның күйреуі: Парсы шығанағындағы дауыл&әлемдік тәртіптің сын сағаты соғып тұр
Ормуз дағдарысы: АҚШ пен Иран арасындағы уақытша бітім неге тез бұзылды?
Ережесіз әлем: Жаһандық ұлтшылдық пен ресурстар соғысы