Кеше, Алматы қаласындағы «Меломан Гранд» дүкенінде Годфри Лайастың Шынжаңдағы қазақтардың ұлтазаттық күресі мен Гималайды асқан, жарты жерді айналып Анадолыға жеткен көші туралы жазылған  «Аспантау асқан үркін көш» атты кітабының тұсауы кесілді.

Жазушы Қ. Жұмәділов, қоғам қайраткері М. Әуезов, режиссер  Досхан Жолжақсынов және саясаттанушы Айдос Сарым қатарлы танымал тұлғалар кітаптың тұсауын кесіп, құнды пікірлерін ортаға салды. Режиссер, актер, ҚР мем. сыйлығының иегері Досхан Жолжақсынов, ұлтымыз басынан кешірген мұндай кешірмелер туралы кино түсірудің қазіргі заманға аса қажетті екенін баса айтты. «Бұл оқиғаларды былай қойғанда, Алаш арыстары туралы кино жоқ. Сол баяғы «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» туралы кино жоқ. Бұлар бүгін, әсіресе мынау шәлкем-шалыс кезде, бізге ұлт ретінде, нәсіл ретінде керек дүние,

Кітап алғаш рет ағылшын тілінде 1956 жылы Лондонда жарық көрген. Еңбек өткен ғасырдың 40-шы жылдарында Шынжаңдағы ұлт азаттық күрестегі қазақтардың өмірі жайында әңгімелеп, күрес тәсілдер, күрес жолдары, көш жолы, кешкен қиыншылықтары туралы баяндайды.

Автор «аспантау асқан қазақтармен», яғни олардың Анадолы жұртына аман жеткен аз шоғырымен 1954 жылы  кездескен. Күрескер қазақтардың өмір тарихынан аталған еңбекті ағылшын тарихшыларының қазынасына қосан.

“The Qazaq Times”