Вьетнам астанасы Ханойда АҚШ президенті Дональд Трамп пен КХДР көшбасшысы Ким Жоң Ың арасындағы кездесу басталды.
Танымал Sofitel Legend Metropole қонақ үйінде өтіп жатқан шараны халықаралық баспасөз-орталықтары тікелей көрсетуде.
Ақ үй бұл кездесу туралы осыдан біраз уақыт бұрын өз жоспарларымен бөліскен болатын. Яғни, Ким Жоң Ың мен Трамп арасындағы кездесу небәрі 20 минутқа ғана созылады деп күтілуде. Бұдан кейін қонақасы өтеді. АҚШ басшысының кестесінде алғашқы кездесу небәрі 1,5 сағатқа ғана белгіленген.
Сонымен қатар, талқылаудың келесі кезеңдері ертеңге жоспарланған.
Жиын барысында қос ел басшысы Сингапурдегі алғашқы кездесу барысында келісілген мәселелерге де тоқталмақ. Осыдан кейін, Корей соғысы кезінде жоғалған америкалық сарбаздардың мәйітін АҚШ-қа қайтару туралы тақырып талқыланбақ.
Алайда, қос елдің басшылары да бұл кездесуде бітімге келуді жоспарлап келгендігі белгілі. Десе де, ядролық қару тақырыбында Ким Жоң Ың өзін қалай көрсететіндігі жиын соңында белгілі болады.


















Ирандағы қантөгіс пен сыртқы қысым: Трамптың екіұшты сигналы
Конституция тағы өзгермек: реформа ма, әлде билікті қайта құрастыру ма?
АҚШ «тасадағы флотқа» тосқауыл қойды: Olina танкері және теңіздегі жаңа санкциялық соғыс
Атыраудағы жұмбақ жоғалу мен адам өлімі: із-түзсіз артылған отбасы, полиция тергеуі және қоғам реакциясы
Айзат Жұманованың өлімі: бүгін үкім оқылды, айыпталушы 14 жылға сотталды
Украина соғыс жағдайындағы басқару моделін қайта қалыптастыруда: Буданов президент кеңсесіне келді