БҰҰ Халықаралық соты 1965 жылы Чагос аралдары Маврикийден заңсыз бөлінгендіктен, Британия аумақты басқаруын доғаруы тиіс деген шешім қабылдады.
«Financial Times» басылымының жазуынша, Британия тарапы осы аумақты жарты ғасыр бойы заңсыз басқарып келген. Енді Біріккен Корольдік Чагос тұрғындарына өтемақы төлеп, әлеуметтік көмек көрсетуге міндетті. Бірақ, постбрекситтік кезеңде тұралап қалған Британия үшін бұл жағдай Исландия шекарасынан кейінгі кезекті мәселе болмақ.
Чагос – Мальдивтен оңтүстікке қарай шамамен 500 шақырым қашықтықта орналасқан Үнді Мұхитындағы архипелаг. Ұлыбритания 1965 жылы Маврикийді отарында ұстап тұрған кезде Чагос аралын бөліп алған. 3 жылдан кейін Маврикий тәуелсіздігін жариялады. Алайда, Чагос ағылшындардың басқаруында қалып, 1966 жылы АҚШ осы аумақтың ең ірі аралы Диего Гарсианы жалға алған.