Венесуэла президенті Николас Мадуро кіші Антиль аралы және Бразилиямен шекараны жауып тастады.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Мадуро Бразилияның гуманитарлық көмегін елге кіргізбеу үшін осындай қадамға барған. Ал 23 ақпанда Венесуэлаға Бразилияның Рорайма және Кюрасао аймағынан азық-түлік жеткізілуі тиіс еді. Бұған дейін Мадуро Құрама Штат жөнелткен көмектен бас тартқан болатын. Ел президентінің бұл әрекетін оппозиционер Хуан Гуайдо мен жергілікті БАҚ қатаң сынға алды. Гуайдоның айтуынша, «Мадуро АҚШ билігі өзінің диктаторлық саясатын сынға алғаннан кейін, әдейі қарсылық танытып отыр. Шын мәнінде, Венесэула халқы көмекке мұқтаж. Елде тағам, жанар-жағармай тапшы, қаржы аз. Егер Маудро қателігін мойындамаса, кезекті мәрте ереуіл болуы мүмкін». Сол себепті халық елде президенттік сайлаудың өткізілгенін талап етті. «Politico» басылымының жазуынша, Мадуро: «Гуайдо егер мықты болса, сайлау өткізер еді. Ол жергілікті тұрғындардың өзіне дауыс бермейтінін біледі және іштей қорқады. Гуайдо өзінің АҚШ-қа қуыршақ екенін және ел ішінде жай ғана ұрандатып жүргенін білдірді», –деп, Венесуэла билігінің президенттік сайлау өткізуге дайын екендігін айтқан.

"The Qazaq Times"