Венесуэла президенті Николас Мадуро оппозиционер Хуан Гуайдоны елде «әділ» түрде президенттік сайлау өткізуге шақырды.

Мадуро медицина факультетінің түлектерімен кездесу өткізіп, сайлауға қатысты пікір білдірген. Өз сөзінде ол: «Гуайдо егер мықты болса, сайлау өткізер еді. Ол жергілікті тұрғындардың өзіне дауыс бермейтінін біледі және іштей қорқады. Гуайдо өзінің АҚШ-қа қуыршақ екенін және ел ішінде жай ғана ұрандатып жүргенін білдірді», – деді. «Politico» басылымының жазуынша, Маудуро Венесуэла билігінің президенттік сайлау өткізуге дайын екендігін айтқан.

Осыған дейін Николас Мадуро Құрама Штат жөнелткен көмектен бас тартқан болатын. Кейіннен Мадуроны оппозиционер Хуан Гуайдо мен жергілікті БАҚ қатаң сынға алды. Гуайдоның айтуынша, «Мадуро АҚШ билігі өзінің диктаторлық саясатын сынға алғаннан кейін, әдейі қарсылық танытып отыр. Шын мәнінде, Венесэула халқы көмекке мұқтаж. Елде тағам, жанар-жағармай тапшы, қаржы аз. Егер Маудро қателігін мойындамаса, кезекті мәрте ереуіл болуы мүмкін».

Еске сала кетейік, 23 қаңтарда өзін уақытша үкімет президенті деп жариялаған Гуайдоны легитимді мемлекет басшысы ретінде АҚШ, Канада, Бразилия, Чили, Аргентина, Колумбия, Коста-Рика, Гватемала, Гондурас, Панама, Парагвай және Перу елдері мойындады. Ал Қытай мен Ресей тарапы қазіргі басшы Николас Мадуро үкіметіне сенім білдіріп, билікке өзге мемлекеттердің араласуын «халықаралық құқықбұзушылық» деп атады.

"The Qazaq Times"